Швейцария Федералдық жиналысының делегациясы Қазақстанға сапармен барды

Швейцария Федералдық жиналысының делегациясы Қазақстанға сапармен барды

Астана, Алматы, 11-15 қазан – ҚР Берндегі Елшілігінің қолғабысымен Швейцария Парламентінің екі палатасы мен түрлі кантондарын өкілдік ететін «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық достық тобы мүшелерінен құрылған Конфедерацияның Федералдық Жиналысы делегациясының сапары өтті.

Сапардың мақсаты ҚР Парламентінің депутаттарымен тікелей байланыстарды нығайту, халықаралық парламенттік форумдар аясындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын экономика салаларындағы әріптестік мүмкіндіктерін зерттеу болды.

Президент Қ.К.Тоқаев, ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, сондай-ақ бір қатар орталық және жергілікті органдарының басшылығымен кездесулер барысында парламенттік дипломатияның ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды. Мемлекет басшысы Еуропадағы еліміздің сенімді серіктесі ретінде Швейцариямен қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті.

Швейцария делегациясы Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан реформалар және цифрландыру бағдарламаларды жоғары бағалап, серіктестікті кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.

Келіссөздер еуропалық депутаттарға алдағы парламенттік реформаның тұжырымдамалық аспектілерімен танысуға, цифрлық технологиялар, көлік, қала құрылысы, энергетика және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға, сондай-ақ екі елдің өңірлері арасындағы өзара іс-қимыл жоспарларын белгілеуге мүмкіндік берді.