Қазақстан мен Берн кантоны өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Берн кантоны өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Берн, 2025 жылғы 6 қазан - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Берн кантоны Үкіметінің Төрағасы Кристоф Нойхаузбен кездесті.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауындағы негізгі бағыттармен таныстырды. Швейцария тарапы экономиканы жаңғыртуға, цифрлық трансформацияға, адами капиталды дамытуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған Қазақстанның стратегиялық көзқарасын жоғары бағалады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, Қазақстан өңірлері мен Швейцария кантондары, соның ішінде Берн кантоны арасындағы тікелей байланыстарды орнату және өңіраралық әріптестікті дамыту әлеуетіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, іскерлік миссияларды ұйымдастыру және мәдени алмасуды дамытуға өзара қызығушылық расталды.