Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Қазақстан мен Швейцария  ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Берн, 2025 жылғы 18 шілде –  ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Федералдық Сыртқы істер департаментінің Еуразия бөлімінің директоры, Елші Мюриэль Пеневремен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар саяси диалогты тереңдету мен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екендіктерін атап өтті. Әңгімелесушілер екі елдің атқарушы және заң шығарушы билік өкілдерінің бірқатар сапарларын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты күн тәртібіндегі негізгі іс-шараларды қарастырды.