Қазақстан Швейцарияны Жібек жолын жаңғыртуға шақыруда

Қазақстан Швейцарияны Жібек жолын жаңғыртуға шақыруда

28 қыркүйекте «Швейцария – ТМД» Бірлескен сауда палатасы Швейцария-Қытай сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп жыл сайынғы «Жаңа Жібек жолы» форумын вебинар форматында «China's BRI and COVID-19 – Impact on Linkages in Energy, Infrastructure & Trade through Central Asia and the South Caucasus to Europe» атауымен ұйымдастырды.

Жаңа трансконтиненталдық транзиттік маршруттардың дамуы Швейцария мен Еуразиялық аймақ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда маңызды әлеует көріп отырған сарапшылар мен кәсіпкерлердің назарын аударуда. «Бір белдеу – бір жол» бастамасының Еуразиялық мәнмәтіні бойынша Қазақстан мен Өзбекстан швейцариялық сарапшылардың басты қызығушылығын тудырып отыр.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары, ШЫҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, Елші Болат Нұрғалиев атап өткендей, «Бір белдеу –бір жол» бастамасы Еуразия үшін тұрақты даму мен континенттегі сауда-экономикалық үдерістерді сапалы қайта құру үшін берік негіз құруға мүмкіндік береді. Б.Нұрғалиев мырза аймақтың көлік, логистика және цифрлық инфрақұрылымының жаңарту келешегін атап өтіп, швейцариялық бизнесті Жібек жолын жаңғыртуға белсенді қатысуға шақырды.