Цюрих, 2025 ж. 11 мамыр. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және қоса атқарыпЛихтенштейн Князьдігіндегі Елшісі Қайрат Саржанов Князьдіктің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылығымен кездесулер өткізді.
Лихтенштейн Ландтагының (парламентінің) төрағасы Манфред Кауфманмен әңгімелесу барысында тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Лихтенштейнде жаңа парламенттік легислатурадың басталуы парламентаралық байланыстарды жандандыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Лихтенштейн Сыртқы істер министрлігі Сыртқы істер бюросының директоры, Елші Мартин Фрикпен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ресми сапарларды ұйымдастыру және шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша пікір алмасты.
Әңгімелесушілер конструктивті әріптестікті дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растап, елдер арасындағы саяси диалогты сапалы жаңа деңгейге көтерудің әлеуетін атап өтті.