Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Женева қаласындағы қазақ диаспорасының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Женева қаласындағы қазақ диаспорасының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

Ағымдағы жылғы 26 ​​қыркүйекте Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің дипломаттары Женева, Сион, Лозанна және Швейцарияның бірқатар француз бөлігінің қалаларында тұрып жатқан отандас диаспора өкілдерінің және қазақстандық студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.

Диаспора өкілдерінің тарихи отанымен байланыстарын сақтау мен дамытудың маңыздылығын ескеретін болсақ, мұндай кездесулер дәстүрге айналып келеді. Бұған дейін 2019 жылға 28 қазанда және 7 желтоқсанда Цюрих, Люцерн, Во, Берн, Фрибург кантондарында тұратын диаспора үшін кездесу өткізілген болатын.

Женевадағы іс-шара барысында Елшілік дипломаттары қатысушыларды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының жергілікті аудитория үшін маңызды және қажетті ережелерімен таныстырды.

Елшіліктің кеңесшісі-уәкілі Ардақ Мәдиев Жолдаудың маңызды басымдықтары «Мемлекеттік аппаратты реформалау, экономиканы әртараптандыру, бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу және ең бастысы, Қазақстан азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты» екенін баса айтты.

Кездесу барысында «Birlik» қазақ-швейцар қауымдастығының өкілі Алма Әлімқұлова сөз сөйледі. Ол ассоциацияның 2020 жылғы шілде-тамыз айларында пандемия пайда болған кездегі Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету, қазақстандық жас дәрігерлерге арналған «United for Health» стипендиялық бағдарламасы, белгілі қазақстандық композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындау челленджіне қатысу, Елшілікпен бірлесе «Домбыра күнін» өткізу сияқты гуманитарлық-мәдени жобалар туралы айтып өтті.

Қазақ диаспорасы мен студенттер өз кезегінде өздерінің Елшіліктің спорт және мәдени іс-шараларына, сондай-ақ Швейцарияда қазақстандықтардың қатысуымен өткізілетін халықаралық деңгейдегі оқиғаларға да белсенді түрде қолдау көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Кездесу нетворкинг және жаңа идеялар үшін тамаша алаң болды.