Женева, 2025 жылғы 25 маусым – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-ші сессиясы аясында Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің көмегімен «Сотталғандардың құқықтарын қорғау» тақырыбында сайд-ивент өтті
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге Елшіліктің кеңесшісі, ҚР Бас прокуратурасының өкілі Б.Құрманов баяндама жасады.
Оның сөзінде Қазақстан Республикасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге, сотталғандар санын азайтуға, сотталғандарды құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған ауқымды ведомствоаралық жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.
Ол Қазақстанның жаһандық құқықтық рейтингтердегі позициясындағы оң өзгерістерді атап өтіп, қамауға алынғандармен қарым-қатынастың заңдылығын қамтамасыз етудегі прокуратураның рөлін ерекше атап өтті.