Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу

     Бұл қызмет Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарына ұсынылады.

     Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

  • Өтініш-сауалнама.
  • Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі.
  • Сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар.
  • Ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы.
  • Он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
  • Консулдық алымды төлеу туралы құжат.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

  • 3 ай
  • 140 швейцарлық франк

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 08:30-ден 11:00-ге дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Tavelweg 2, CH-3074 Muri bei Bern

Телефон арқылы хабарласыңыз: +41 31 310 14 73 және / немесе электрондық пошта: consul.ch@mfa.kz .

Дата публикации
20 декабря 2023
Дата обновления
31 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
31 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Telegram Channel
Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы