Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты саяси қарым-қатынастар

Қазақстан-Швейцария қатынастары

Жалпы ақпарат

1992 ж. 1 маусым

-

Дипломатиялық қатынастардың орнатылуы

1994 ж.

-

Швейцария консулдығының ашылуы, Алматы қ.

1996 ж.

-

Швейцарияда ҚР Елшілігінің ашылуы, Берн қ.

1998 ж.

-

Швейцария консулдығын Бас консулдыққа айлануы, Алматы қ.

2008 ж.

-

Швейцария Елшілігінің ашылуы, Астана қ.

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі

-

Қайрат Асаниязұлы Саржанов (21.10.2022 ж. бастап)

Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі

 

-

Салман Бал (10.05. 2023 ж. бастап)

Саяси ынтымақтастық

Тараптар тұрақты саяси диалогты жоғарғы және жоғары деңгейде тұрақты кездесулер өткізу арқылы қолдайды.

Жоғарғы деңгейдегі байланыстар

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев

2004 ж.

-

Швейцарияға ресми сапар

2009 ж.

-

ДЭФ сессиясына қатысу, Федералдық президент Х.Р.Мецпен кездесу

2014 ж.

-

ДЭФ сессиясына қатысу, Федералдық президент Д.Буркхальтермен кездесу

Швейцария федералдық президенттерінің Қазақстанға сапарлары

2014 ж.

-

Д.Буркхальтер, ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Орталық Азияға сапары аясында

2017 ж.

-

Д.Лейтхард, Астана-ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі

22.11.2019

-

Федералдық президент У.Маурердің Қазақстанға ресми сапары

ҚР Президенті Қ.Тоқаев

18.05.2021

-

Федералдық президент Г.Пармеленмен келіссөздер (бейнеконференц байланыс арқылы)

29.11.2021

-

Швейцарияға ресми сапары барысында Федералдық Президент Г.Пармеленмен келіссөздер.

Жоғары деңгейдегі байланыстар

06.09.2021

-

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Швейцарияға ресми сапары, Сыртқы істер жөніндегі федералдық департаментінің басшысы И.Кассиспен кездесу

5.07.2023

-

Федералдық кеңесші, Федералдық Сыртқы істер департаментінің басшысы И.Кассистің Қазақстанға ресми сапары, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары М.Нұртілеумен және ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен кездесулері

5.11.2024

-

ҚР Бас прокуроры Б.Асыловтың Швейцарияға ресми сапары, Швейцарияның Бас прокуроры Ш.Блаттлерпен кездесуі

Парламентаралық ынтымақтастық

2012 ж.

-

Қазақстан-Швейцария парламентаралық достық тобын құрылуы

23.10.2013 ж.

-

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың сапары, Берн қ.

18.03.2014 ж.

-

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллиннің сапары, Женева, Берн ққ.

2013, 2017, 2018 жж.

-

Швейцария Федералдық жиналысы Кантондар кеңесінің депутаты Ф.Ломбардидің сапарлары

2021 ж.

-

Швейцария Парламенті Ұлттық кеңесінің Президенті А.Эбидің Қазақстанға сапары

26.03.2024

-

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Швейцарияға ресми сапары, Федералдық жиналыстың Ұлттық кеңесінің Президенті Э.Нузбауэрмен және Федералдық Сыртқы істер департаментінің басшысы И.Кассиспен кездесулері.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Швейцария Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болуда. 2024 жылдың нәтижесінде тауар айналымы 1,72 млрд. долларға жетті, оның 1,23 млрд. доллары қазақстандық экспорт болды. Швейцариядан медициналық және сағат өнеркәсібі өнімдерінің импорты 490 млн. долларды құрады. ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың 3-тоқсаны нәтижесінде Швейцариядан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 480 млн. долларды құрады.

ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы бюросының деректеріне сәйкес 2025 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда швейцариялық қатысуымен 290 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, сондай-ақ 103 бірлескен кәсіпорындар бар.

Сауда-экономикалықынтымақтастықжөніндегіҮкіметаралықкомиссияның11отырысыөтті(соңғысы2023 жылғы 27маусымдаАстанада).ҮАК-тың кезектіотырысы2025жылдыңекіншіжартыжылдығынаБерндежоспарланған.ҮАК тең төрағалары ҚР СаудажәнеинтеграцияминистріА.Шакқалиев,Швейцариятарапынан– ШК ЭкономикалықынтымақтастықжөніндегімемлекеттікхатшылығыныңЕкіжақтыынтымақтастықжөніндегідиректорыА. Раубер(Елші).

2012 жылы мемлекеттер арасында Іскерлік кеңес құрылды. Қазақстан тарапынан тең төрағасы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Н.Сауранбаев, швейцариялық тарапынан – «Stadler Rail Group» компаниясының басшысы П.Шпулер. Іскерлік кеңестің 4 отырысы өткізілді және келесі отырыс 2025 жылдың екінші жартыжылдығына Астанада жоспарланған.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2015 жылғы 22 мамырда Қазақстан-Швейцария туризм және мейрамхана-қонақ үй бизнесі институты ашылды.

2021 жылғы 12 шілдеде ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы университет пен Цюрих университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.

2021 жылдың 26 тамызында «Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталық» пен «Heinrich and Henri Moser Foundation» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2021 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Швейцарияға ресми сапары аясында «Берн тарихи мұражайы» мен «Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталық» арасында «2022-2025 жылдары Швейцариядағы Орталық Азиядағы түркі халықтарының мұрасын» зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2021 жылғы 10 қарашада Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университеті мен Цюрих өнер университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2022 жылғы ақпанда Елшілік Қазақстан мен Швейцария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай мерейтойлық пошта маркасын шығаруға бастамашылық жасады.

2022 жылғы қарашада «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ мен швейцариялық «Paul Scherrer Institute» арасында ғылыми-зерттеу мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Мемлекет басшысы Швейцария президентімен кездесті
1
Казахстан идет по верному пути экономических, политических и структурных реформ
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Telegram Channel
Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы