Майндағы Франкфурт, 2025 жылғы 2 сәуір – Германияның көлік және қаржы орталығы болып табылатын Гессен федералдық жері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуда маңызды байланыстырушы рөл атқарады.
Аталған мәртебені Германияға келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегацияның қатысуымен Франкфурт-на-Майн қаласында өткен «Kazakhstan Investment Day 2025» атты ауқымды форумның өтуі.
Іс-шараға ресми тұлғалар, іскерлік топтар мен сарапшылар қауымдастығының 200-ге жуық өкілі қатысты. Форумның тең ұйымдастырушылары ретінде Герман экономикасының Шығыс комитеті (ВКГЭ) және AKA-Bank болды.
Форум аясында «Қазақстан – мүмкіндіктер нарығы: инвестициялар және қаржыландыру мүмкіндіктері» және «Шикізат жеткізу және жаңа нарықтарды игеру үшін логистика» тақырыптарында пікірталас өтті.
Спикерлер неміс бизнесінің Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жоғары қызығушылық танытып отырғанын және жергілікті нарықтағы өз қатысуын арттыруға дайын екенін атап өтті.
Германияның Deutsche Bank, Commerzbank, KfW, Франкфурт қор биржасы сияқты жетекші қаржы институттары шоғырланған Гессен федералдық жері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеуде маңызды алаң бола алады.
Франкфуртқа сапар барысында Р.Скляр Гессеннің Халықаралық ынтымақтастық, Еуропа және дебюрократизация істері жөніндегі министрі Манфред Пентцпен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында М.Пенц Гессен үкіметінің таяу айларда Қазақстанға экономикалық делегацияны жіберу туралы қабылдаған шешімі туралы баяндады. Сапардың мақсаты – перспективалы және өзара тиімді жобаларға инвестиция салудағы нақты қадамдарды анықтау.
Тараптар Қазақстан мен Гессен арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасып, оның әрі қарай даму перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, Р.Скляр Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ВКГЭ басқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.
Гессен – Германиядағы ең экономикалық дамыған федералдық жерлердің бірі. 2024 жылы оның ЖІӨ көлемі 370 миллиард еуроны құрап, бұл Германияның жалпы экономикалық әлеуетінің шамамен 9%-на тең.
Гессен арқылы Германияның басты су артериясы – Рейн өзені өтеді, ал Франкфурт әуежайы – Еуропадағы ең ірі және ең жүктелген әуежайлардың бірі болып табылады.
Рейн-Майн өңірі, әсіресе Рур ауданынан кейінгі ең жоғары өнеркәсіптік дамыған аймақ атауына ие және химия-фармацевтика өнеркәсібі мен автомобиль жасау саласының үлесі жоғары.