Астана, 2024 жылғы 15 мамыр – Қазақстанға Германия экономикасы шығыс комитетінің (ГЭШК) басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер бастаған неміс бизнесінің өкілдерінің делегациясы келді.
Делегация құрамында ГЭШК-не кіретін салалық қауымдастықтар, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және т.б. салалардың, ірі және орта компаниялардың өкілдері, 40-қа жуық адам бар.
Екі күндік бағдарлама шеңберінде Үкіметтік деңгейдегі ресми кездесулер, көпжақты және екіжақты іскерлік келіссөздер өткізілді.
Атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, ағымдағы және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық үшін бірқатар жаңа перспективалық бағыттарды белгіледі, сондай-ақ Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің 15-ші отырысын бірлесе дайындау жоспарларын белгіледі.
Іс-сапар бағдарламасының маңызды тармағы Берлин Еуразиялық Клубының мерейтойлық 40-шы отырысын өткізу барысында екі подиумдық сессиялар шеңберінде экономиканың өнеркәсіптік-шикізат және аграрлық секторларындағы ынтымақтастықты талқылау болып табылады.
Делегация басшысы Катрина Клаас-Мюльхойзер ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековпен кездесулер жоспарлануда.
Оған қоса, делегация мүшелері «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Инвестициялар және инновациялар: Астана Германия объективінде» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» қатысады.
Германия экономикасының шығыс комитеті Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның, Оңтүстік Кавказдың және Орталық Азияның 29 елі ынтымақтастық жөніндегі ГФР экономикасының ірі өңірлік бастамасы болып табылады.
Германия және серіктес елдердің үкіметтерімен тығыз ынтымақтастықта сауда кедергілерін жою және аймақтағы экономикалық негіздемелік жағдайларды жақсарту үшін жұмыс істейді. ГЭШК-тің құрамында 400-ден аса мүше-компаниялар бар және неміс экономикасының жетекші алты одағының қолдауын иеленеді. 2022 жылы ГЭШК өзінің 70-жылдығын атап өткен болатын.