Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Штутгарт, 2024 жылғы 21 сәуір,– Бүгін Штутгарт қаласында Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Марта Костюктен басым түсті.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов спортшыны турнирдегі ірі жеңісімен құттықтады. Ол 6:2, 6:2 есебімен жеңістің лайықты әрі сенімді болғанын айтып, болашақта да жеңістер мен жаңа жетістіктер тіледі.

WTA 2024 турнирінде жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 500 рейтингтік ұпай мен Porsche көлігіне ие болды.

Матчтан кейін марапаттау рәсімінде теннисші өз командасына, бапкеріне және өзін қолдаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Елена Рыбакинаның Германиядағы турнирдегі жеңісі бүкіл елдің мақтанышы болып, Қазақстанның әлемдік теннистегі рөлін растайды.