Қазақстанның «жасыл» энергетикалық трансформацияға ұмтылысы туралы Энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогында айтылды

Қазақстанның «жасыл» энергетикалық трансформацияға ұмтылысы туралы Энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогында айтылды

Берлин, 2024 жылғы 20 наурыз. Энергетикалық ауысу бойынша 10-шы Берлин диалогы шеңберінде ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «жасыл сутегінің» орнықты дамыту стандарттары» атты панельдік сессиясына қатысып, Қазақстан Үкіметінің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және Қазақстан экономикасын декарбонизациялау бойынша жүргізіп жатқан шаралары туралы айтты.

«Біз жасыл сутектің парниктік газдар шығаруын азайтуға, әсіресе өнеркәсіп, көлік және энергетика сияқты жоғары көміртекті секторларда үлкен әлеуеті бар екенін түсінеміз. Сутегі өндірісінің жоғары әлеуетін ескере отырып, бүгінгі таңда Қазақстандағы сутегі энергетикасының болашағын айқындайтын құжат әзірленуде», - деді вице-министр.

Сұңғат Есімхановтың ГФР СІМ-нің климат саласындағы сыртқы саясат және геоэкономика департаментінің басшысы Оливер Рентшлермен екіжақты келіссөздері барысында климаттық және энергетикалық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2022 жылы ГФР Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың бастамасымен құрылған Қазақстан энергетика министрлігінің Астанадағы сутегі дипломатиясы кеңсесімен тығыз жұмыс істеу әдісіне жоғары баға берілді.

Оливер Рентшлер Қазақстан Үкіметіне Шведт қаласының МӨЗ-ін мұнаймен қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін ризашылығын білдіріп, оны тасымалдауды жалғастыруға Германия мүдделлі екендігін айтты. Неміс дипломаты Қазақстанның «жасыл» трансформация бағытындағы қадамдарын позитивті түрде атап өттіп, іске асырылып жатқан ауқымды «жасыл» жобалардға қатысудың тартымдылығына тоқтады.

DENA Германия энергетикалық агенттігінің директоры Кристина Хаверкамппен кездесу аясында қазақстандық тарап Германия мен Қазақстан экономикасының энергетикалық секторында, сондай-ақ сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Сапар бағдарламасы аясында қазақстандық делегация Германияның сутегі саясатын дамыту және сутегі стратегиясын іске асыру мақсатында құрылған H2-Leitstelle сутегі жөніндегі үйлестіру кеңсесіне барып, сутегі энергетикасы саласындағы жоспарлармен танысты.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Энергетика министрлігі GIZ сутегі дипломатиясы кеңсесімен бірлесіп таяу болашаққа жоспарлар белгіледі.

Анықтама: энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогы (Berlin Energy Transition Dialogue) - әлемнің түкпір-түкпірінен энергетикалық қоғамдастық өкілдерін, оның ішінде 50-ден астам министрлер мен мемлекеттік хатшыларды, сондай-ақ әлемнің 130 елінен 17000 қатысушылардың басын қоса алатын жаһандық энергетикалық қозғалыстың ірі халықаралық платформасы. Биылғы жылы BETD механизмнің құрылғанына 10 жыл толды. Аталған платформа аясында халықаралық өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу, байланыс орнату, технологиялық және энергетикалық шешімдерді жүзеге асырылады.