Қазақстан бизнесі Германиямен серктестік байлансытарын арттыруға мүдделі

Қазақстан бизнесі Германиямен серктестік байлансытарын арттыруға мүдделі

Берлин, 2024 жылғы 13 наурызда ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бастаған қазақстандық үкіметтік және іскерлік делегация Германияға сапары барысында Берлиндегі бірқатар экономикалық іс-шараларға қатысты.

Германия Федералдық үкіметінің экономикалық саясатында маңызды рөл атқаратын жетекші неміс іскерлік қауымдастықтарымен кездесулер өтткізілді. Делегация Қазақстанның инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетімен және бірқатар нақты жобалармен таныстырды.

Келіссөздер неміс бизнесінің қазақстандық нарықта өз қатысуын кеңейтуге және бірлескен жобаларды іске асыруға жоғары қызығушылығын көрсетті.

Іс-шараға қатысушылар шетелдік әріптестер үшін елдің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға бағытталған Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды оң қабылдады.

Атап айтқанда, атқарушы директор Михаэль Хармс бастаған Германия экономикасы Шығыс комитетінің (OA) мүше компанияларымен дөңгелек үстелде Шығыс Еуропа мен Азияның 29 елінде неміс бизнесінің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуды үйлестіріп отырған негізгі ұйымымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері талқыланды.

Шағын және орта бизнес Федералдық одағының (BVMW) басқарма төрағасы Кристоф Альхауспен кездесу осы ұйымның жыл сайынғы ірі форумы – "Zukunftstag. Mittelstand"-та өтті. Оған қатысатын 5000-нан астам компаниялардың көпшілігі «жасырын Чемпиондар» деп аталатын санатқа жатады, яғни салыстырмалы түрде аз өндіріс көлемімен өз салаларында технологиялық көшбасшылар мен инноваторлар болып табылады. Делегация мүшелері ынтымақтастық үшін ең перспективті кәсіпорындардың стендтеріне барып, іскерлік әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді.

Басқарма төраға Михаэль Шуман бастаған экономиканы және сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың Федералдық одағымен (BWA) кездесуде, тараптар қазақстандық нарыққа кіруге мүдделі ұйым мүшелерімен байланыс орнату мүмкіндігін талқылады.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша тамақ өнеркәсібі, өнеркәсіп, қосалқы бөлшектер жеткізу және т.б. бағыттар бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Анықтама: Германияның шағын және орта бизнестің Федералды одағы (BVMW) 1975 жылы құрылған және елдегі ең ірі қоғамдық кәсіпкерлер бірлестігі болып табылады. 15 миллионнан астам қызметкері бар, 800 мыңнан астам компанияның өкілі. Ұйымның негізгі мақсаты - әрбір кәсіпкер үшін экономикалық саясаттың шарттары мен ережелерін жетілдіру. BVMW Германия аумағында 400 филиалы және бүкіл әлем бойынша 43 шетелдік өкілдіктері бар.

Экономиканы және сыртқы экономикалық қызметті дамытудың федералды одағы (BWA) өз қызметін өзекті экономикалық міндеттерді шешу үшін биліктің, бизнестің және жалпы қоғамның күш-жігерін біріктіру мақсатында жүзеге асырады. BWA аймақтық бірлестіктер мен экономикалық клубтарға бөлінеді. Одақ мүшелерінің арасында жетекші неміс компаниялары бар. Негізгі мақсат-өңірлік, ұлттық және халықаралық экономиканы дамытуға жәрдемдесу.