«HYRASIA ONE»: Әлемдегі ең ірі бес сутегі жобасының бірі жаңа маңызды кезеңге - өнеркәсіпті декарбонизациялауға қажет жасыл энергияға қол жеткізуде

«HYRASIA ONE»: Әлемдегі ең ірі бес сутегі жобасының бірі жаңа маңызды кезеңге - өнеркәсіпті декарбонизациялауға қажет жасыл энергияға қол жеткізуде

АСТАНА/ДРЕЗДЕН, 2022 жылғы 27 қазан - бүгін Қазақстанның елордасы Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес төрағасы Чарльз Мишельдің қатысуымен «SVEVIND Energy Group» еуропалық холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын «HYRASIA ONE» компаниясының өкілдері және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Инвестициялық келісімге қол қойылды, оның аясында Қазақстанда жалпы инвестиция көлемі 40-50 миллиард АҚШ долларын құрайтын таза «жасыл» (экологиялық қауіпсіз) сутегін өндіретін әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салу жоспарлануда.

«HYRASIA ONE» жобасын жүзеге асыру үшін Оңтүстік-Батыс Қазақстанның кең даласында жобалық қуаты шамамен 40 гигаватт болатын жел энергетикалық және фотоэлектрлік қондырғылар орнатылатын болады. Осы қондырғыларда сағатына 120 тераватт көлемінде өндірілетін жаңартылатын энергия Каспий теңізінің жағалауындағы электролизерлерді қуатпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Олардың жалпы өнімділігі 20 гигаватт және ол жылына екі миллион тоннаға дейін «жасыл» сутегі өндіру мүмкіндігін береді. Мұндай өнімділік көрсеткіші Еуропалық Одақтың 2030 жылғы «жасыл» сутек импорт сұранысының бестен бір бөлігіне тең. Осылайша, «HYRASIA ONE» қазіргі уақытта Еуропада, сондай-ақ Қазақстанның өзінде және Азия елдерінде дамып келе жатқан сутегі нарықтарының маңызды тірегі бола алады.

Қол қойылған Инвестициялар туралы келісім берілетін жер көлемі, инфрақұрылым, тауарлар мен капиталдың кедергісіз қозғалысы және басқа да экономикалық және құқықтық жағдайлар сияқты жобаның шешуші параметрлерін айқындай отырып,  үш жыл бойы әзірленіп келе жатқан жобаға инвестициялық тұрғыдан негіз қалайды. Инвестициялар туралы келісімнің негізінде «Hyrasia ONE» компаниясы бірлескен инвесторлармен, клиенттер және қондырғы жеткізушілермен нақты келіссөздерге кірісе алады, осылайша "жасыл" сутегінің кейінгі маркетингінің негізі қаланады. Маңғыстау өңірінде сутегі өндіруді бастау 2030 жылда жоспарланса, ал толық өндірістік қуатқа шығу 2032 жылға қарай күтілуде. Жоба бойынша соңғы инвестициялар туралы шешімнің қабылдануы 2026 жылға қарай күтілуде.

2022 жылдың жазында «ILF Consulting Engineers» және «Roland Berger Management Consultants» консалтинг компаниялары бірлесіп дайындаған тұжырымдамалық дизайнды зерттеу өз мәресіне жетіп, жобаны әзірлеудің бірінші кезеңі сәтті аяқталды.

«HYRASIA ONE» жобасының көмегімен біз энергетикалық және шикізат қорларының бірегей өнеркәсіптік ауқымдарда бар болуын қамтамасыз ете аламыз», - деді «Hyrasia Energy» компаниясының басқару директоры және «SVEVIND Energy Group» компаниясының негізін қалаушысы және басшысы Вольфганг Кропп. «Қазақстан экологиялық таза энергия мен жасыл сутегі өндірісі үшін тамаша орын. Кең байтақ далада жыл мезгіліне қарамастан қатты жел соғып тұрады, ал күн сәулесін шығару Орталық Еуропаға қарағанда әлдеқайда қарқынды. Бүгін Инвестициялар туралы келісімге қол қойылғаннан кейін жоба келесі шешуші кезеңге өтеді. Біз жоспарларымызды қолдаған және жасыл сутегінің көп мөлшерде өндірудің орасан зор экономикалық әлеуетін мойындаған, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Үкіметін, сынды сенімді серіктес тапқанымызға қуаныштымыз».

2022 жылдың қазанында Сутегі технологиялары кеңесі мен «McKinsey» компаниясы бірлесіп жариялаған «Жаһандық сутегі ағыны» зерттеуі бойынша, экологиялық қауіпсіз  сутегі 2050 жылға қарай жаһандық климаттық бейтараптық жолында қажет көміртектің қостотығы шығарындыларының көлемін бес есеге дейін қысқартылуын қамтамасыз ете алады. Сутекті пайдалану көміртектің қостотығы шығарындыларының дүниежүзілік көлемін 2050 жылға қарай 80 гигатоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Зерттеуде сонымен қатар кейбір елдер сутектің айтарлықтай мөлшерін импорттауға мәжбүр болады деп атап өтілген. Бұл елдерге Жапония мен Оңтүстік Кореядан басқа, ең алдымен, Еуропалық Одақ елдері кіреді. Осыған орай, Еурокомиссия Президенті фон дер Лейен мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың қараша айының соңына дейін тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жасыл сутегі саласындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қою туралы мәлімдемесі маңызды қадам болып табылады.

«Алдағы он жыл дүниежүзілік энергетикалық ауысу үшін шешуші болып табылады. Біз қапы жіберген әрбір әрекеттің келешекке теріс әсер әкелетіні сөзсіз. Біз «HYRASIA ONE» жобасы арқылы болашаққа елеулі үлес қосамыз", - деп Вольфганг Кропп пайымдады.

 

Байланыс

SVEVIND Energy Group

Мартин Киша

Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы

Оскарштрассе к-сі, 18

01219 Дрезден | Германия

Эл. пошта: media@hyrasia.energy

www.hyrasia.energy