Берлин Еуразиялық Клубының алаңында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Қазақстан-Германия ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды

Берлин Еуразиялық Клубының алаңында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Қазақстан-Германия ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды

БЕРЛИН, 2021 ж. 7 желтоқсан – бүгін Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Герман экономикасы шығыс комитетінің (ГЭШК) қолдауымен өткізген Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) кезекті 33-ші отырысы барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, барлық бағыттардағы даму кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Іс-шараның негізгі спикерлері Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Е.Қазыхан, Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономика департаментінің директоры Михаэль Клор-Бехтольд және DB Engineering & Consulting GmbH компаниясының Бас директоры, Германия экономикасының Шығыс комитетінің Басқарма мүшесі, Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы Н.Варбаноф болды.

Бүкіл әлемдегі өзекті жағдайды ескере отырып, БЕК отырысы екі елдің коронавирустық пандемияның экономиканың дамуына теріс әсерін азайтуға және бизнесті қолдауға, сондай-ақ экономиканы қолдау тұрғысынан жаңа шаралар қабылдауға бағытталған.

Іс-шара барысында Герман тарапынан Герман өнеркәсібі Федералды одағының (BDI) Атқарушы кеңесінің мүшесі В.Нидермарк, Солтүстік және Шығыс Еуропа аймағы бойынша «Deutsche Bank AG» бас директоры Й.Бонгартц, доктор Аксель Зондерман, «DB Engineering & Consulting GmbH» компаниясының консалтинг жөніндегі Атқарушы директоры, сондай-ақ Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М.Хармс. Қазақстандық тарап ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.Жақсылықов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ. Әлмағамбетов, ҚР Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры А. Құланбай деңгейінде таныстырылды.

Отырысқа сондай-ақ Қазақстан мен Германияның 100-ге жуық үкіметтік және іскерлік топтарының өкілдері, соның ішінде ҚР ГФР-дағы Елшісі Д. Кәріпов, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, «Siemens Energy», «Schaeffler», «Giesecke+Devrient», «Infineon Technologies», «EOS», «Hermann Paus Maschinenfabrik», «Viessmann Werke», «COVESTRO» және т. б. жетекші неміс компанияларының басшылары қатысты.

Алғы сөзінде Е.Қазыхан еліміз осындай қысқа мерзім ішінде әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларды дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізгенін, әлемдік аренада танымал болғанын атап өтті, сондай-ақ ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың пандемия кезеңінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және ел халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамаларын ұсынды. Осы тұрғыда ол ҚР-да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылатынын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар қолайлы инвестициялық ахуал құруға, инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіруге, мемлекет пен инвесторлар арасындағы ашық диалог пен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған шетелдік инвестицияларды тарту және қазақстандық экспортты қолдау бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Өз кезегінде ГФР СІМ өкілі Михаэль Клор-Бехтхольд Қазақстанның Германия үшін көптеген экономикалық және саяси мәселелердегі маңызды серіктес ретіндегі рөлін атап өтті. Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жыл өткен соң Қазақстан халықаралық аренада беделді ойыншы болып табылатынын және Орталық Азияда жетекші әрі сындарлы рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, герман спикерлері өз сөздерінде Қазақстан-Герман өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарын тереңдетудің аса маңызды екенін атап өтті. Олардың пікірінше, дағдарыс кезеңінде ҚР мен ГФР үкіметтері арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылды қолдау мақсатында да, Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі неміс іскер топтары үшін де жоғары инвестициялық тартымдылық қалыптасуда.

Панельдік пікірталас барысында қазіргі заманғы технологиялар мен ҚР экспорттық әлеуетін дамыту саласына инвестициялар тарту саласындағы ағымдағы міндеттерді шешу бойынша нәтижелі пікір алмасылды.

Іс-шара аясында ГФР бизнесімен бірқатар екіжақты кездесулер өтті, оның шеңберінде әріптестікті дамыту және «жасыл» экономика саласындағы жаңа инвестициялық бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша германиялық бизнесмендер Энергетика, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, цифрландыру, Өнеркәсіпті автоматтандыру саласындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Анықтама: Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және ГФР бұрынғы вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Х.-Д. Геншердің бастамасымен құрылған. БЕК экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің, ГФР және Еуропаның басқа да елдерінің сарапшылары мен практиктерінің қатысуы үшін ашық бейресми диалог платформасы ретінде әрекет етеді.