Берлинде халықаралық күн тәртібі мәселелері талқыланды

Берлинде халықаралық күн тәртібі мәселелері талқыланды

БЕРЛИН, 2021 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Германияның сыртқы саясат жөніндегі қоғамының (DGAP) вице-президенті Рольф Никельмен кездесті.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Тараптар серіктестік орнатуға қызығушылық танытып, DGAP алаңында бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндігін талқылады.

Германияның сыртқы саясат жөніндегі қоғамы саясаткерлерге, бизнес және азаматтық қоғам өкілдеріне сыртқы саясат бойынша стратегиялық кеңестер беретін Германиядағы ең танымал, беделді сараптама орталығы болып табылады.