ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Фридрих Эберт атындағы қорының Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен кездесті

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Фридрих Эберт атындағы қорының Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен кездесті

БЕРЛИН, 2021 жылғы 1 шілде – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов Фридрих Эберт атындағы қорының Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Кристоф Мормен кездесті.

Елші Д.Кәріпов қордың Қазақстандағы белсенді жұмысын оң бағалап, елімізде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы баяндады.  Тараптар қоғамаралық ынтымақтастықты нығайту, жастарды қолдау мүмкіндіктері бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында бірге қызмет жасасу жөнінде уағдаласты.

Фридрих Эберт атындағы қоры 1925 жылы құрылды және ГФР-дың үкіметтік емес саяси қорларының ішіндегі ең үлкені және ең көнесі болып табылады. Германияның Социал-демократиялық партиясымен байланысты қор саяси ағартумен және қоғамдық дамуды талдаумен айналысады. Қордың Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі 1993 жылдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейді.