Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Siemens Healthineers» компаниясының үкіметпен және еуропалық саясатпен байланыс жөніндегі Вице-президенті Людмила Шлагетермен кездесу өткізді

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Siemens Healthineers» компаниясының үкіметпен және еуропалық саясатпен байланыс жөніндегі Вице-президенті Людмила Шлагетермен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2021 ж. 6 мамыр – Елші Дәурен Кәріпов «Siemens Healthineers» компаниясының үкіметпен байланыс және ЕО саясаты мәселелері жөніндегі Вице-президенті Людмила Шлагетермен кездесті. Кездесу барысында ҚР дипломатиялық миссияның басшысы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Үкіметінің шаралары туралы хабарлады.

Өз кезегінде Л.Шлагетер компанияның қызметі, ГФР Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және жаңа сын-қатерлер жағдайында дамыту туралы айтып өтті. Компания өкілі сондай-ақ іргелі клиникалық, операциялық және қаржылық міндеттерді шешуде инженерлік және ғылыми тәсілдерді пайдалану туралы хабардар етті. Компания визуализация және диагностика салаларын одан әрі дамытуды, сондай-ақ зертханалық жағдайларда терапия және молекулалық диагностика үшін озық шешімдер тізімін кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен компания арасындағы денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Тараптар коронавирустық инфекцияның теріс салдарын азайту бойынша екі ел үкіметтері қабылдап жатқан шаралар жөнінде пікір алмасып, ынтымақтастықтың одан әрі қадамдарын белгіледі.

«Siemens Healthineers» әлемдік деңгейдегі медициналық жабдықтарды өндірушілердің бірі, сондай-ақ клиникалық медицина мен зертханалық диагностика үшін визуализация және ақпараттық технологиялар саласындағы көшбасшы болып табылады. Әлемнің 75 елінде 50 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді. 2020 жылы компанияның айналымы 14,5 млрд. еуроны құрады.