Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов ГФР-дың Федералды көлік және цифрлық инфрақұрылым министрі жанындағы парламенттік хатшысы Ш.Бильгермен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов  ГФР-дың Федералды көлік және цифрлық инфрақұрылым министрі жанындағы парламенттік хатшысы Ш.Бильгермен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2021 ж. 5 мамыр – Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов ГФР-дың Федералды көлік және цифрлық инфрақұрылым министрі жанындағы парламенттік хатшысы Ш.Бильгермен кездесті. Кездесу барысында логистика мен көлік саласындағы, сондай-ақ цифрландыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Дипломатиялық миссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсан және 2020 жылғы ақпандағы Германияға сапарларының нәтижелері, Үкімет жұмыс тобы туралы, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр бастаған неміс инвесторларымен жұмыс жасау, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және тікелей инвестицияларды тарту хабардар етті. Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы мен жоғары транзиттік әлеуетіне ерекше назар аударылды. Бұл артықшылықтар елдің Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде дамуына алғышарттар жасайды.

Өз кезегінде Ш.Бильгер 2020 жылғы ақпанда Қазақстанға жасаған сапарының жағымды әсерімен бөлісіп, елдің көліктік-логистикалық хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқандығын және неміс компанияларының қазақстандық нарыққа шығуға деген қызығушылығын ерекше атап өтті. Ол сонымен қатар коронавирустық пандемия мен елдер арасындағы әуе қатынасының қысқаруы жағдайына байланысты Қазақстан арқылы ҚХР-дан ЕО-ға автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалдау айтарлықтай артқанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға және экономиканың негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдету бойынша ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.