ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Германия Бундестагтағы «Солшылдар» фракциясының тең төрағаларымен кездесу өткізді

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Германия Бундестагтағы «Солшылдар» фракциясының тең төрағаларымен кездесу өткізді

БЕРЛИН, 2021 жылғы 5 мамыр – Бүгін ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов неміс парламентшілерімен кездесулерінің жалғасы ретінде Германия Бундестагтағы «Солшылдар» партиясы фракциясының тең төрағалары Амира Мохамед Алимен және Дитмар Барчпен кездесті.

Депутаттар біздің еліміздің тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізген негізгі табыстарымен және оларды екіжақты және көпжақты тректерде қазақстан-герман қатынастарын одан әрі дамыту үшін пайдалану жоспарларымен жан-жақты танысты. Сондай-ақ, тараптар жүргізіліп жатқан cаяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар мәнмәтініндегі Қазақстан мемлекеттілігінің даму жағдайы мен үрдістерін талқылады.

Кездесу барысында Елші сұхбаттастарына қазақстандық демократияны дамыту үшін жаңа бағытты сипаттайтын «Қазақстандағы реформалар: ниеттен әрекетке» талдамалық баяндамасын ұсынды.