Елші Дәурен Кәріпов Иммигранттар мен аз ұлттар істері жөніндегі федералдық үкіметтің уәкілі, Бундестагтың депутаты Б.Фабрициуспен кездесті

Елші Дәурен Кәріпов Иммигранттар мен аз ұлттар істері жөніндегі федералдық үкіметтің уәкілі, Бундестагтың депутаты Б.Фабрициуспен кездесті

БЕРЛИН, 2021 ж. 4 мамыр - Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Иммигранттар мен аз ұлттар істері жөніндегі федералдық үкіметтің уәкілі, Бундестагтың депутаты Б.Фабрициуспен кездесті.

Сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістердің мәселелері жөніндегі қазақ-герман Үкіметаралық комиссиясының кезекті 18-ші отырысының дайындығына қатысты сұрақтарды талқылады.

Тараптар Қазақстан халқының көпұлтты отбасының ажырамас бөлігі болып табылатын этникалық немістерді қолдау мақсатында ынтымақтастықты кеңейту ұмтылысын, сондай-ақ оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.

Дипмиссия басшысы ҚР мен ГФР арасындағы ағымдағы саяси, сауда-экономикалық өзара әрекеттестік және парламентаралық диалог туралы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ-неміс орталығын ашу бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Орталықты ашу туралы уағдаластыққа Президент Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Берлинге ресми сапары барысында қол жеткізілді.

Өз кезегінде Б.Фабрициус Қазақстанның этникалық немістеріне көрсеткен қолдауы үшін ҚР Басшылығына алғысын білдіріп, қазақстандық қоныс аударушылардың Германиядағы рөлін атап өтті. Тараптар екі мемлекетті байланыстыратын «жанды көпірді» нығайту үшін өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.