ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі Герман бизнесімен кезекті онлайн-кездесу ұйымдастырды

ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі Герман бизнесімен кезекті онлайн-кездесу ұйымдастырды

БЕРЛИН, 2021 ж. 28 сәуір - қалыптасқан дәстүр бойынша ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі Герман бизнесімен «Қазақстандық бизнестегі қаржы құралдар - неміс компаниялары үшін мүмкіндіктер» тақырыбы бойынша онлайн-кездесу өткізді. Іс-шара «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның, Герман экономикасының Шығыс комитетінің және Алматы қаласында орналасқан Орталық Азиядағы Германия экономикасының Өкілдігінің қолдауымен бірігіп ұйымдастырылды. Онлайн-кездесуге 90-нан аса экономиканың түрлі салаларындағы және қаржы секторындағы неміс компаниялары және бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Олардың арасында «Baumüller Gruppe», «Flottweg», «Junker Gruppe», «Gigaset», «Deutsche Bahn», «SAP», «John Deere Walldorf» және т.б. өз сегменттерінде әлемдік жетекші компаниялардың басшылары болды.

Кездесу барысында қазақстандық тараптан ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д.Кәріпов, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Р.Қарағойшин, «Қазақстанның инвестицияларды дамыту қоры» Басқарушы компаниясы» Басқарма төрағасының орынбасары Ж.Ералин, сондай-ақ «AIFC Business Connect» басшысы Т.Мұханбетжанов сөз сөйледі. Герман тарапының спикерлері «Commerzbank AG» ТМД-дағы Қаржы институттары бойынша өңірлік директоры Х.Крон, «Euler Hermes AG» Андеррайтинг және тәуекел басқару бойынша департаментінің директоры Т.Баум, сондай-ақ «Deutsche Bank AG» ҚР-дағы өкілдігінің Басшысы И.Вагнер деңгейінде ұсынылды.

Іс-шара шеңберінде ҚР-дағы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция салу және инвестициялық преференциялар беру, ҚР қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және ГФР Федералдық үкіметі тарапынан экспорттық кредиттерді мемлекеттік сақтандыруды ұсыну жүйесінің мәселелері талқыланды. Онлайн-кездесу барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық және қаржылық емес құралдардың көмегімен бизнесті және жобалық қызметті қолдау жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылды.

Орын алған пікірталас шеңберінде германиялық қатысушылар өзекті сұрақтар бойынша жауаптарын алды. Герман бизнемендері қазақстандық мемлекеттік органдардың ашық диалогқа және проблемалық сұрақтарды бірлесіп шешуге әзір екендігіне жоғары баға берді.