Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Bauku Extrusion Technology» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Bauku Extrusion Technology» компаниясының басшылығымен кездесті

БЕРЛИН, 2020 ж. 20 қараша – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Bauku Extrusion Technology» компаниясының бас директоры Маркус Хаверкамппен және бизнесті дамыту жөніндегі директорі Майкл Шэнкермен кездесу өткізді.

Сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және су ресурстарын басқару саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жобаларына өндірістік құбырлар шығару мәселелерін талқылады. Қазақстандық дипломат Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен құрылған неміс бизнесі үшін эксклюзивті жағдайлар мен преференциялар жасау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр бастаған неміс инвесторларымен жұмыс жөніндегі Үкіметтік жұмыс тобының жұмысы туралы хабарлады.

Д.Кәріпов сонымен бірге компанияны белсенді ынтымақтастыққа шақырып, атап айтқанда, ол суды тазарту, канализация қондырғыларын қайта құру және басқару саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің қатысуымен жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

М.Хаверкамп өз кезегінде компанияның қызметі туралы, сондай-ақ бұл қазақстандық тарапқа қызықты болуы мүмкін Ресей Федерациясы мен Беларуссияда бірлескен жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы хабардар етті.

«Bauku Extrusion Technology» - диаметрі DN 300-ден DN 4000 мм-ге дейінгі пластмасса құбырларына арналған экструзия желілерін шығаратын Boyke Group корпорациясының мүшесі болып табылатын отбасылық бизнес. Компания бүкіл әлем бойынша құбыр жобаларына арналған жабдықтың бейімделген дизайнын шығарады.