Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда Берлин қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №411 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.
Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.
Германиядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №411 учаскесінде 18 жасқа толған және Берлин, Бранденбург, Мекленбург – Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт федералдық жерлерінде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.
№411 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне konsulberlin@mfa.kz электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.
Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +49 (030) 47007160/161 телефоны немесе konsulberlin@mfa.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігінің мекенжайы: Nordendstraße 14–17, 13156 Berlin