Қазақстанның Global Forum for Food and Agriculture форумына қатысуы: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстанның Global Forum for Food and Agriculture форумына қатысуы: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Берлин, 2026 жылғы 16 қаңтар – ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация Германияда өткен Global Forum for Food and Agriculture (GFFA) халықаралық конференциясына, сондай-ақ әлемдегі ең ірі аграрлық көрмелердің бірі Grüne Woche (Жасыл апта) халықаралық көрмесінің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Сапар аясында министр А.Шаққалиев Германияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және отан федералдық министрі Алоис Райнермен, Германияның Экономика және энергетика федералдық министрлігінің статс-хатшысы Томас Штефенмен, Герман экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Жан-Мари Паугаммен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың заманауи жағдайы мен даму перспективалары, орнықты азық-түлік жүйелерін қалыптастыру, нарықтарға қолжетімділік және сауданы дамыту мәселелерін талқылады.

Соынмен қатар, тасымалдау тізбектерін нығайту мақсатында көлік-логистикалық байланыстарды ілгерілету қажеттілігіне, сондай-ақ қарым-қатынастың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру үшін үйлестірілген өзара іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Қазақстан тарапы Германия нарығына экспортталатын өнім түрлері мен көлемін ұлғайтуға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар қазақстандық делегация басшысы Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрі атынан ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі салтанатты қабылдауға қатысты. Іс-шараға үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар мен жетекші аграрлық компанияларының басшылығы қатысуымен өтті.

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінді.

Қазақстанның статистикалық деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 3,91 млрд АҚШ долларына жетті, ал Қазақстанның Германияға экспорты 7,9%-ға өсіп, 1,17 млрд АҚШ долларын құрады. Аталған көрсеткіштер Германия нарығының қазақстандық тасымалдаушыларға деген жоғары сенімін және ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай коммерциялық әлеуеттің бар екенін растайды.

Сапар екіжақты диалогты нығайту жолындағы маңызды қадамға айналып, Қазақстан мен Германия арасындағы агроөнеркәсіптік саладағы серіктестікті тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.