
Берлин, 2025 жылғы 14 қараша – Бүгін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» әлемдік туры аясында Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен әртістің халықаралық фан-клубының түрлі елдерденкелген жанкүйерлерімен кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілетуге және мәдениетаралық диалогты дамытуға бағытталған.
Қазақстанның ізгі ниетті елшісі Димаш Құдайберген еліміздің мәдениетінің жарқын үлгісі және халықаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды буын болып табылады.
Кездесу XIX ғасырда Қазақстан аумағында саяхаттаған ұлы неміс географы және зерттеушісі Александр фон Гумбольдттың есімімен аталған кеменің бортындажүзеге асырылды. Mұндай символикалық алаңды таңдауҚазақстан мен Германия арасындағы тарихи байланысты айрықша айқындады.
Кездесу барысында Қазақстанның туристік және мәдени әлеуеті туралы материалдар, соның ішінде «Kazakhstan: Born Bold» медиа-науқаны туралы ақпарат ұсынылды.
Бағдарлама ұлттық аспаптарда танымал халық күйлерін орындаған жас қазақстандықтардың музыкалық нөмірлерін қамтыды.
Д.Құдайбергеннің Берлиндегі концерті қазақстандық әншінің шығармашылығына деген жоғары қызығушылығын растап, мыңдаған көрерменді жинады.
Бұл кеш өнер, мәдени бейтараптық және халықаралық достық мерекесіне айналды, Қазақстанның ашық, шығармашылық және қонақжай ел ретіндегі оң имиджін нығайтты.