Неміс оқушылары қазақ ертегілерінің сиқырлы әлемін ашты

Неміс оқушылары қазақ ертегілерінің сиқырлы әлемін ашты

Германиядағы Қазақстан Елшілігінде 36-шы Берлин ертегі күндері аясында неміс мектебінің оқушыларымен кездесу өтті. Биылғы шараның тақырыбы - «Аққу-әйел: қиындықтар мен шынайы күш туралы ертегілер және аңыздар».6-23 қараша аралығында өтіп жатқан бұл фестивальді Märchenlande.V. атты Неміс ертегілер мәдени орталығы ұйымдастырған. Оның мақсаты - әлем халықтарының мәдениетін, фольклорын және дәстүрлерін кеңінен таныстыру, өзара түсіністік пен достықты нығайту.

Кездесу барысында жаснеміс тыңдармандарға қазақтың үш халық ертегісі ұсынылды. Олар махаббат, еркіндік және рухани күш тақырыптарын қамтыды.«Аққу-қыз» аңызы Назым есімді қыздың тағдырын баяндайды. Зұлым бақсының дуасымен аққуға айналған бойжеткеннің тазалығы мен адалдығы зұлымдықты жеңіп, сүйіспеншіліктің күші қарғыстан арылтады.«Аққу, Шортан, Хан» ертегісінде билік пен еркіндік жайлы терең ой айтылады. Өктемхан еркіндіксіз сұлулық пен өмірдің мәні жоғалатынын ұғынады. Аққу мен шортан еркін рухпен табиғатқа деген құрметтің нышаны ретінде бейнеленеді. Ал «Айгүл мен Алтын Бүркіт» атты аңызда батыл да мейірімді Айгүл өз халқын әділетсіздіктен қорғайды. Оның сиқырлы серігі - алтын бүркіт даналық пен ерліктің белгісін білдіреді. Неміс оқушылары қазақ ертегілерін қызығушылықпен тыңдап, кейіпкерлер мен оқиғаларды неміс ертегілерімен салыстырды, түрлі сұрақтар қойды.

Сондай-ақ қатысушылар Елшілік музейіндегі Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған тұрақты көрмемен танысты.

Мұндай мәдени шаралар жастардың рухани дамуына, халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға үлес қосады.