Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығы консулдық қызметтерді көрсетуді бастады.
Консулдық округқа Гамбург және Бремен қалалары, сондай-ақ Төменгі Саксония мен Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлері кіреді.
Қабылдауға жазылу үшін:
Телефон: 040/30376483 (азаматтарға кеңес беру – жұмыс күндері сағат 14:30-дан 17:00-ге дейін, сәрсенбіден басқа күндері)
Электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz (қабылдауға жазылғанда тұрғылықты қала мен ұялы телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз).
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі – Жұма:
09:30 – 12:30 (құжаттарды қабылдау)
16:00 – 17:00 (дайын құжаттарды беру).
Сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының ресми мерекелерінде Бас консулдық жабық.
Мекенжайы:
Қазақстан Республикасының Бас консулдығы
bei Schuldts Stift 3
20355 Hamburg