Берлинде «Қазақстанның Конституциясы және цифрлық болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Берлинде «Қазақстанның Конституциясы және цифрлық болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Берлинде Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауы аясында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Германия Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, саясаттанушылар мен Орталық Азия бойынша сарапшылар, сондай-ақ неміс БАҚ журналистері қатысты.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов Конституцияны жетілдірудің негізгі кезеңдері туралы хабардар етіп, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектілері туралы баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстарына ерекше назар аударылды. Дипломат Қазақстанның жаңа экономикалық моделі инновациялар мен технологияларға, сондай-ақ жасанды интеллектті дамытуға бағытталатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформалар мен саяси қайта құруларға оң баға берді.

Заң ғылымдарының докторы, Висмар заң мектебінің профессоры
Ханс-Иоахим Шрамм Қазақстанды 25 жылдан бері білетінін және осы уақыт ішінде ел «танымастай өзгергенін» айтты. Статистикаға сілтеме жасай отырып, Х.Шрамм Қазақстан азаматтары мен кәсіпкерлері мемлекеттік органдарға қарсы істердің 60 пайызға дейін жеңетінін және бұл «аймақ елдері арасында бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш» екенін атап өтті.

Қазақстан-Германия қоғамының төрағасы Томас Хельм Қазақстан Республикасының Конституциясы да Веймар Республикасы Конституциясының белгілі бір бөлігіне негізделгеніне назар аударды, бұл «біздің елдерімізді одан әрі біріктіреді».

«Open International Dialogue» алаңының негізін қалаушы Кристиан Гроссеның айтуынша, Қазақстан батыл реформаларды жүзеге асыруда және оның әлеуеті зор. Ол еліміздің цифрлық саладағы дамуын ерекше атап өтіп, «Қазақстан жоғары қарқынмен алға жылжып келе жатқанын» баса айтты.

Журналист, «корреспонденттік бюроның» негізін қалаушысы
Эвальд Көниг қазіргі уақытта неміс тарапы Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты қаншалықты белсенді түрде ілгерілетіп жатқанын сұрады. Оған барлық салалардағы қарым-қатынастардың белсенді динамикасы туралы хабардар етілді, бұған соңғы екі жылда болған жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар дәлел.

Сарапшылар мұндай пікір алмасуды өткізудің маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдіріп, Қазақстанның заманауи, технологиялық және тұрақты мемлекет құру жолындағы күш-жігеріне сәттілік тіледі.