Берлин, 2025 жылғы 5 маусым – Германия Бундестагында парламент күнтізбесіндегі ең маңызды жыл сайынғы оқиғалардың бірі - Халықаралық парламенттік стипендиялық бағдарлама (IPS) стипендиаттарының тағылымдамасына арналған салтанатты кеш өтті. Бұл шара - Бундестагтың айрықша дәстүріне айналған, халықтар арасындағы мәдениаралық алмасудың, саяси сананың қалыптасуы мен өзара түсіністіктің символына айналған ерекше платформа.
Салтанатты жиын барысында Бундестаг вице-президенті Йозефине Ортлеб құттықтау сөз сөйлеп, бағдарламаның маңыздылығын атап өтті. Ол IPS - жай ғана тағылымдама емес, бүкіл әлемнің жас көшбасшыларын біріктіретін алаң екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл бағдарлама аясында түрлі елдерден келген жастар бір-бірінен үйреніп, тәжірибе алмасып, өзара құрметті нығайтатын орта қалыптастырады.
Берлиндегі Гумбольдт университетінің президенті, сондай-ақ 2025 жылғы IPS бағдарламасында берлиндік университеттер тарапынан жетекші серіктес доктор Юлия фон Блументальдің сөзі де қатысушылардың ерекше назарын аудартты. Ол білім мен диалогтың бейбітшілікті нығайтудағы рөлін айта келе, IPS бағдарламасына қатысу - жеке тәжірибе, білім алмасу және ортақ даму негізіндегі тұрақты халықаралық серіктестікке жасалған маңызды инвестиция екенін атап өтті.
Биылғы жылы бағдарламаға түрлі елдерден 90-нан астам жас маман қатысуда, олардың қатарында төрт қазақстандық стипендиат та бар. Салтанатты кеште қазақстандық қатысушылар кең байтақ елімізбен және мен бай дәстүрлеріңізбен таныстырып, қонақтардың ерекше ықыласына бөленді. Шара барысында дәстүрлі жабдықталған қазақ киіз үйінің инсталляциясы қойылып, ол көшпелі мәдени мұрамыздың нышаны ретінде ұсынылды. Қонақтар қазақ халқының қонақжайлығы мен мәдени байлығын көрсететін ұлттық сувенирлермен танысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татты.
Кештің шарықтау шегі бағдарлама ұйымдастырушыларына, үйлестірушілерге және тәлімгерлерге осындай халықаралық жобаның бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін шынайы ризашылықтарын жеткізген стипендиаттардың шығармашылық концерт болды.
1986 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан Германия Бундестагының Халықаралық парламенттік стипендиялық бағдарламасы (IPS) жыл сайын саяси белсенді жастарға бес ай бойы неміс парламентінің жұмысымен жақын танысуға, заң шығару үдерісіне қатысуға және халықаралық өзара түсіністікке өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.