Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.
Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде).
Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).
Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
Тұрақты тұру (Aufenthaltstitel), оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме).
Консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама (Negativbescheinigung) қазақ немесе орыс тілдеріне куәландырылған аудармасы. Көрсетілген анықтама берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Неке/ажырасу туралы куәлік. Егер неке/ажырасу Германияда тіркелген болса, «Apostille» мөрінің болуы міндетті және қазақ немесе орыс тілдеріне куәландырылған аудармасы.
Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
Туу туралы куәлік «Аpostille» мөрі болуы және қазақ немесе орыс тілінде куәландырылған аударма қажет (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда).
Құжаттарды екі данамен ұсыну қажет.
Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн