Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚР ҚМ КГД) мәліметіне сәйкес, 2023 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 41,3%-ға артып, 3,9 млрд АҚШ долларын құрады (2022 жылы – 2,76 млрд АҚШ доллары). Атап айтқанда, Германиядан импорты 41,4%-ға өсіп, 3,153 млрд АҚШ долларына, ал экспорт 39,2%-ға ұлғайып, 742 млн АҚШ долларына жетті.
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, өткен жылдық кезеңімен салыстырғанда, тауар айналымы 8%-ға артып, 3,07 млрд АҚШ долларынан 3,32 млрд АҚШ долларына дейін жетті (экспорт 71,8%-ға өсіп, 561 мыңнан 965 мың АҚШ долларына дейін ұлғайды, ал импорт 6,3%-ға азайып, 2,5 млрд АҚШ долларынан 2,35 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді).
Германияның Федералды статистика басқармасының мәліметі бойынша, 2023 жылдың қорытындысы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға азайып, 8,7 млрд еуроны құрағандығын көрсетті. Бұл ретте, Германиядан Қазақстанға импорты 15,1%-ға өсіп, 3,2 млрд еуроға жетсе, Қазақстаннан Германияға экспорты 22,5%-ға төмендеп, 5,5 млрд еуроны құрады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында тауар айналымының көлемі 8 млрд еуроға жетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (7,48 млрд еуро) 7,1%-ға және рекордтық 2022 жылдың деңгейінен (7,85 млрд еуро) 2,1%-ға жоғары.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Германияның 50 ірі сыртқы сауда серіктесінің қатарына еніп, 45-орынды иеленді. Біздің ел Орталық Азия өңіріндегі Германияның негізгі серіктесі болып саналады: екіжақты сауда көлемі Германияның өңір елдерімен жасайтын сыртқы сауда операцияларының 83%-ын құрайды.
Қазақстаннан Германияға экспорты негізінен көмірсутектер, ферроқорытпалар, сутегі, инертті газдар, күміс, мыс және басқа да тауарлардан тұрады. Импорттың негізгі бағыттары дәрі-дәрмектер, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және тартуға арналған машиналар, медицинада қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, автомобильдер, арнайы мақсаттағы жабдықтар мен механикалық құрылғылар құрайды және т.б.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2005-2023 жылдар аралығында Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағында 6,6 млрд АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға Германиядан тікелей инвестициялардың көлемі 770 млн АҚШ долларына жетіп, рекордтық деңгейді көрсетті (+64%). 2024 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 277,6 млн АҚШ долларына жетті.
Германияның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының 90%-дан астамы «бейресурстық» секторға тиесілі, атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, химия саласы, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және агроөнеркәсіптік кешенге бағытталған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылғы 1 желтоқсанында Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 1113 кәсіпорын жұмыс істеуде, оның ішінде 741-і – шетелдік меншік нысанында, ал 372-сі – бірлескен меншік нысанында қызметтерін жалғастыруда.
Негізгі назар 2012 жылы қабылданған шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы келісімді тиімді іске асыруға, кәсіби кадрларды даярлауға және дуалды білім беруді дамытуға, сондай-ақ энергетика және энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығы, көлік логистикасы, тұрақты даму және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастыққа қаратылуда.
Қазақстан мен Германия Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы (ҮЖТ), Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесі (ҚГІК), Берлин еуразиялық клубы (БЕК), ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен жұмыс тобы, сондай-ақ бірлескен жобаларды қаржыландыру және тәуекелдерді хеджирлеу бойынша жұмыс тобы аясында өзара іс-қимыл жасауда.
Германия СІМ басшысы А.Бербоктың Қазақстанға 2022 жылғы 31 қазанда жасаған сапарының қорытындысы бойынша Астана қаласында Германияның сутегі дипломатиясы кеңсесі ашылды.
2024 жылы экономикалық бағытта 20-дан астам іс-шара өткізілді.