Қазақстан Елшісі NCR Atlas компаниясына барды

Қазақстан Елшісі NCR Atlas компаниясына барды

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі М. Атамқұлов NCR Atlas компаниясының Белградтағы офисіне барды.

Сапар барысында Елші компанияның соңғы әрі жаңа технологиялық шешімдерімен, ең алдымен мемлекеттік құрылымдар үшін, сондай-ақ, банк және сауда операцияларын автоматтандыру саласындағы қызметімен танысты.

Компания басшылығымен әңгімелесуде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде тәжірибе алмасу және елдің цифрлық инфрақұрылымына технологияларды тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қаржы және ритейл-секторлар үшін шешімдер саласында әлемдік көшбасшы болып табылатын NCR Atlas компаниясы өңірдегі технологиялық секторды дамытудың жоғары әлеуетін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

NCR Atlas ұзақ уақыт бойы ҚР аумағында банктік технологиялар және қаржылық қызметтер саласында IBS Project қазақстандық компаниясымен ынтымақтасады.