Елші М.Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары туралы

Елші М.Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары туралы

20 наурызда Қазақстан Республикасының Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары барысында жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық оқушыларымен кездесті.

Чемпионаттың ашылу салтанаты шеңберінде қазақстандық дипломат жас шеберлерге табыс тілеп, лайықты партиялар көрсететініне сенім білдірді.

Турнирге 44 елден 470 қатысушы жиналды. Олар 17 жасқа дейінгі алты жас санатында жүлделерді сарапқа салады.

Қазақстан делегациясы ең ірі құрамның бірі: 40 жас спортшы, оның қатарында әлем және Азия чемпиондары, сондай-а,  рейтингтік көшбасшылар бар.