«Отандастар қоры» КеАҚ 2025 жылдың наурыз айынан бастап шетелдегі отандастарға арналған онлайн форматтағы қазақ тілі курсын ұйымдастырады. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ тілі ағылшын және орыс тілді аудиторияларға үйретіледі, сабақ кестесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі отандастарымызға ыңғайлы уақыттарға қойылады.
Сонымен қатар, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына қарасты Абай институтының қазақ тілін өз бетімен үйренушілерге арналған мобильді қосымшасы бірнеше тілде пайдалануға қолжетімді екенін хабарлаймыз. Қосымшада тіл үйренушінің деңгейін анықтау тесттері А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған әдістемелік құралдар, басқа да тіл үйренуге арналған материалдар, бейне сабақтар мен роликтер қамтылған. «Абай институты» қосымшасы арқылы қазақ елінің көрікті жерлері, туристік әлеуеті туралы ақпараттар алуға және App Store, Play market арқылы жүктеп алуға болады.
Онлайн тегін қазақ тілі курсына тіркелу ашық