Белградта «Аtamnyn Amanaty» ҚБ және «Марибордағы Екінші дүниежүзілік соғыстың халықаралық зерттеу орталығы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Белградта «Аtamnyn Amanaty» ҚБ және «Марибордағы  Екінші дүниежүзілік соғыстың халықаралық зерттеу орталығы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 27 ақпанда Белград – «Atamnyn Amanaty» қазақстандық қоғамдық бірлестігі «Мерзімінсіз есте сақтау» Халықаралық симпозиумына қатысты.

Іс-шара «Марибордағы Екінші дүниежүзілік соғыстың халықаралық зерттеу орталығының» (Словения) қолдауымен өтті. Симпозиум жұмысына Сербия, Словения, Ресей Федерациясы, Босния және Герцеговина өкілдері де қатысты.

Өз сөзінде «Аtamnyn Amanaty» ҚБ басқарма төрағасы М.Молдағалиев сараптамалық қоғамдастықты қазақстандық бірлестіктің қызметімен, сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғыс барысында іс-түссіз кеткен және қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді жүйелі іздеу миссиясымен таныстырды.

Сонымен қатар, қазақстандық қайраткер симпозиумға қатысушыларды еліміздегі өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Аtamnyn Amanaty» ҚБ және «Морибордағы Екінші дүниежүзілік соғыстың халықаралық зерттеу орталығы» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 Анықтама үшін: Югославия мен оның астанасы болған Белградты азат ету үшін қызу шайқастарға Қазақстанда құрылған 73-ші гвардиялық Сталинград-Дунай Қызыл Ту атқыштар дивизиясы қатысты. Жалпы, бүгінгі таңда Югославия үшін шайқаста қаза тапқан немесе іс-түссіз кеткен 200-ге жуық қазақстандықтардың есімдері белгілі. Жаңа деректерді іздеу жалғасуда.