2025 жылғы 21 ақпан, Белград – ҚР Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Қасиетті Патриархы Порфириймен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы туралы талқылады.
М.Атамқұлов сұхбаттасушыны Қазақстанның дінаралық келісім мен конфессияаралық диалогты қолдау саласындағы саясатымен таныстырды.
Қазақстандық дипломат әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаһандық конфессияаралық диалогты сақтау мен нығайтудағы рөлін атап өтті және осыған байланысты Патриархқа Қазақстан Президентінің ү.ж. 17 және 18 қыркүйегінде Астанада өтетін VIII Съезге қатысуға шақыруын табыс етті.
Өз кезегінде Сербияның рухани көшбасшысы шақырғаны үшін алғысын білдіріп, әртүрлі діндер арасындағы тұрақтылық пен келісімді қолдайтын бірегей қазақстандық модельдің өзектілігі мен тиімділігін атап өтті.