2025 жылғы 19 ақпанда Сербия Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұловтың қатысуымен көрнекті серб қоғам қайраткері-меценат Миланка Карич ханымға Белградтағы ҚР құрметті консулының экзекватурасы мен патентін тапсыру рәсімі өтті.
Кездесу барысында Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы құрметті консулдар институтының маңыздылығын атап өтіп, М.Каричке қазақ-серб халқының игілігі үшін өзінің игілікті қызметін жалғастыруда жетістік тіледі.
Өз кезегінде, ҚР Белградтағы құрметті консулы М.Карич ханым Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық, сондай-ақ, мәдени өзара іс-қимылды жолға қоюға бар күшін салатынына сендірді.