17 маусым, Белград – Шымкент қаласының екі футбол академиясының – «Ордабасы» ФК және «Оңтүстік» академиясының тәрбиеленушілері алғаш рет Dragan Mance Cup (Сербия) балаларға арналған футболдан халықаралық турнирге қатысты.
11-17 маусым аралығында өткен турнирге Еуропаның 16 елінен 288 команда қатысты.
«Ордабасы» ФК академиясының футболшылары U12 жас санатында үшінші орын алып, жартылай финалда Грециядан келген командадан жеңіліп, шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.
Жас қазақстандық спортшылар үшін Белград бойынша танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, балалар Сербия футболының флагмандары мен еурокубоктардың тұрақты қатысушылары – «Црвена Звезда» ФК мен «Партизан» ФК стадиондарына барды.
Жыл сайын Сербия астанасы Белград әйгілі сербиялық футболшыны, Партизан ФК мен Югославия құрамасы Драган Манзені еске алуға арналған Dragan Mance Cup халықаралық турнирінде Еуропаның түкпір-түкпірінен жас футболшыларды қабылдайды. Биылғы жылы қазақстандық командалардың жарысқа қатысуы сербиялық футбол функционерлері Владимир Рыбич пен Горан Станоевичтің белсенді спорттық дипломатиясының арқасында мүмкін болды.