Сербияда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

Сербияда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

Белград, 2024 жылғы 19 наурыз – Сербияның сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстан Елшісі М.Атамқұловтың серб іскерлік қоғамдастығының өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараны аша отырып, қазақстандық дипломат мемлекеттің экономикалық жетістіктері, сондай-ақ отандық экономиканы дамытудың негізгі трендтері туралы ақпарат ұсынды. Осы тұрғыда М.Атамқұлов қазақстандық экспортты Сербия нарығына ілгерілету, сондай-ақ бірқатар бағыттар бойынша бірлескен өндірісті белгілеу мүмкіндіктері шеңберінде екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнату мәселелеріне назар аударды.

Осыған байланысты, кездесудегі қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа экономикалық саясатты іске асыру шеңберінде шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру, бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі шаралары туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Сербиялық кәсіпкерлер өз өнімдерін жеткізуді ғана емес, ҚР-да технологиялар трансфертін жүзеге асыруға, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сонымен қатар вакцина өндірісіне қызығушылық танытты. Бұдан басқа, компаниялар Сербияның супермаркеттерінде сатылатын қазақстандық тамақ өнімдерінің импортын талқылауға дайын.

Кездесу соңында қазақстандық дипломаттар бизнес өкілдерін 2024 жылы Қазақстанда өтетін экономикалық сипаттағы форумдар мен өзге де іс-шараларға қатысуға шақырды.