Сербияның Халықтық скупщинасында Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

Сербияның Халықтық скупщинасында Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

2023 жылғы 18 қаңтар, Белград қ. – Екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұловтың Сербия Республикасының Халықтық скупщинасында Қазақстанмен парламенттік достық тобының белсенділерімен кездесуі өтті.

Анықтама: СР Халықтық скупщинасының Қазақстанмен парламенттік достық тобының құрамына 13-шақырылымның 20 депутаттары кіреді. Аталған топты Зоран Томич басқарады.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат екі мемлекет арасындағы қатынастар дәстүрлі достық және сенім негізінде орнағандығын сөзіне тиек етіп, еліміздің екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге мүдделілік танытып отырғандығын жеткізді.

Мәди Атамқұлов серб парламентарийлерін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар және өзгерістермен таныстырды. Осы ретте, нәтижесі бойынша мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі жаңаруларға жол ашатын сайлау тақырыбына ерекше назар аударылды.

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылау барысында өзара іс-қимылды жандандыру бойынша екіжақты уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, екі ел парламенттері депутаттарының өзара сапарларын пысықтау мәселесі көтерілді.

Мазмұнды диалог барысында Қазақстан Елшісі және серб депутаттары екі елдің экономикалық ынтымақтастығының әлеуетін егжей-тегжейлі талқылады - бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі, IT және баламалы энергетика, сондай-ақ әскери-техникалық саласындағы кооперация және т.б.

Сонымен қатар, келіссөздер шеңберінде аймақаралық ынтымақтастық тақырыбы төңірегінде өрбіді. Достық тобының депутаттары Қазақстан мен Сербия қалалары арасында бауырластық байланыстарды күшейтуге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар бірлескен жобалар және бастамаларды ілгерілетуде парламенттік достық тобының қызметі тиімді құрал екендігімен келісті.