Қазақстан Елшісінің «H2 GATE» компаниясына баруы туралы

Қазақстан Елшісінің «H2 GATE» компаниясына баруы туралы

2023 жылғы 12 қаңтар, Белград – Елшіліктің Сербиямен жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық әлеуетін зерделеу жұмысы шеңберінде Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұловтың «H2 GATE» компаниясына сапары ұйымдастырылды.

«H2 GATE» – нарықта отын ретінде жасыл сутекті пайдаланатын жылыту жабдығын ұсынатын жас стартап компания. Өндірілген өнімдер қоршаған ортаның ластануын барынша азайтуға және үй-жайларды жылытуға кететін шығындарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін өздерінің бірегей патенттелген әзірлемелеріне негізделген.

Компания алаңында Қазақстан Елшісі аталған компанияның директоры Кусаи Аль Ансаримен кездесу өткізді.

Қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда бірлескен өндіріс құру мақсатында «H2 GATE» компаниясының қазақстандық кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнату келешегін пысықтауға ортақ қызығушылық танытты.