Қазақстан Елшісінің «Beo Čista Energija» компаниясына сапары туралы

Қазақстан Елшісінің «Beo Čista Energija» компаниясына  сапары туралы

2022 жылғы 6 желтоқсан, Белград қ. – Елшіліктің Сербиямен жасыл экономика саласында ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеу мақсатында Елші М.Атамқұлов «Beo Čista Energija» компаниясының қызметімен танысты.

«Beo Čista Energija» компаниясы 2017 жылы «Veolia», «Itochu Corporation» және «Marguerite» корпорацияларымен құрылды.                                  2021 жылдың тамыз айынан бастап «Винча» қалалық санитарлық полигонында Сербия астанасына тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызмет көрсетеді.

Аталған компания Белград мэриясымен ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде (мемлекеттік-жеке серіктестік форматында) биогазды жинау, құрылыс қалдықтарын өңдеу және «Винча» полигонының ескі алаңын қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте, қалдықтардан жылу және электроэнергияны алу, сондай-ақ қоқыс газын өндіруге арналған қондырғыны салуды көздейтін «Қалдықтардан энергия шығару» бағдарламасына ерекше мән берілуде.

Сапар барысында Қазақстан Елшісі осы компанияның басқарушы директорлары – Филипп Тиель және Мицуаки Харадамен кездесті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар осыған ұқсас жобаны Қазақстанда жүзеге асыруға, сонымен бірге келешекте өзара тиімді түрлі форматтарды жылжытуға ортақ қызығушылық танытты.