Серб сарапшылары Қазақстанның саяси жүйесінің реформалауымен танысты

Серб сарапшылары  Қазақстанның саяси жүйесінің реформалауымен  танысты

2022 жылғы 10 қараша, Белград қаласы – Қазақстан Елшілігінде алдағы кезектен тыс президенттік сайлаулар, сонымен бірге Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жүргізіп жатқан жүйелі саяси реформалардың жүзеге асырылуы мен динамикасына арналған сараптамалық кездесу өтті.

ҚР Елшісі М.Атамқұлов қатысушыларды соңғы жылдары дәйекті саяси модернизациялау шеңберінде елімізде болып жатқан өзгерістер, сондай-ақ Ата заңымызға өзгерістер мен толықтыру бойынша өткен республикалық референдум аясындағы заң шығарушылық жұмыстың қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырып шықты.

Шақырылған сарапшылар және БАҚ өкілдері ү.ж. маусымда Қазақстан халқынан қолдау тапқан конституциялық реформалар мен бастамалардың сипатына қызығушылық танытты.

Алдынғы қатарлы серб саясаткерлерінің бірі – Белград қаласындағы Халықаралық саясат және экономика Институты жанындағы Еуразиялық зерттеулер Орталығының басшысы Д.Пророкович Президент Қ.К.Тоқаевтың тәжірибесі, сонымен бірге көпке мәлім Батыстың демократиялық нормалары мен аймақтық ерекшілік ескерілген саяси реформаларды жүргізу көзқарасын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, «қоғам үшін аса маңызды шешімдерді қабылдауда бәтуаластыққа қол жеткізу ерекше маңызды».

Саясаткер Д.Бисенич Қазақстанның мемлекеттік моделінің бірегейлігі мен саяси үдерістерінің қарқындығына назар аударды. Оның пайымдауынша, аймақтық мықты ойыншыға айналған жас тәуелсіз республиканың әлеуеті барлық әлемдік державалардың ерекше қызығушылығын арттыруда. Осы ретте, ол мемлекет басшылығының саяси және экономикалық реформалар бағытында қабылдаған шешімдері қойған мақсаттарына жете алатындығына үміт артты.

Өз кезегінде, Сербияның Инновациялық ғылымдар бойынша корольдік академияның Вице-президенті В.Стевич Қазақстандағы реформаларға, оның ішінде парламент пен Конституциялық сот мекемесі өкілеттігінің күшейтілуіне қолдау білдірді. Бұл мәнмәтінде, серб сарапшысы: «жаңа саяси бағыт Қазақстанды өз дамуының жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретіндігіне еш күмән келтірмейтіндігін жеткізді.