Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси консультациялар ынтымақтастықты жандандыру маңыздылығын қуаттады

Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси консультациялар ынтымақтастықты жандандыру маңыздылығын қуаттады

2022 ж. 4 қараша, Белград қ. – Қазақстан мен Сербия сыртқы саяси ведомстволарының делегациялары саяси консультациялардың кезекті раундын өтті. Оның барысында екіжақты күн тәртіптегі өзекті мәселелерді талқыланып,  саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ортақ ниеттің бар екендігі расталды. Сонымен қатар, көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мен халықаралық мәселелерге ерекше назар аударылды.

Келіссөздерді қазақстандық тараптан делегация басшысы ҚР СІМ Еуропа департаментінің Директоры Олжас Сүлейменов жүргізсе, серб тарапынан – СР СІМ Ресей және Еуразия департаментінің Директоры Владимир Йовичич басқарды.

Дипломаттар екі мемлекет арасындағы байланыстарды ұлғайту жоспарларын, атап айтқанда өзара сапарлармен алмасу, екіжақты Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің кезекті мәжілістерін өткізу, сондай-ақ, екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту тақырыбын егжей-тегжейлі қарастырды

Сонымен бірге, кездесу барысында қолда бар екіжақты сауда айналымы әлеуетінің негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындатуға мән берілді. Осы ретте, өзара іс-қимылдың келешегі мол салалары қатарына ауыл шаруашылығы, туризм, энергетикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық бағдарларды дамыту секілді бағыттар ілінді.

Келіссөздер қорытындысы Астана мен Белградтың ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ аймақтық және жаһандық деңгейлерде өзара мүдделерді ілгерілетуге қызығушылық танытып отырғандықтарын айқын көрсетті.

Анықтама: Сербия Қазақстанның Балқан өңіріндегі маңызды серіктесі болып табылады. 2022 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 52,9 млн АҚШ долл. жетті - өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3,7 есеге ұлғайған.Қазақстанда серб капиталының қатысуымен 36 кәсіпорын қызмет жасайды.