«Superior d.o.o.» компаниясына бару туралы

«Superior d.o.o.» компаниясына бару туралы

Велика Плана, 2022 ж. 16 маусым - Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов көкөніс дақылдарының тұқымдары мен отырғызу материалдарын (жеміс-жидек өсімдіктерінің көшеттері) өндіруге мамандандырылған «Superior d.o.o.» компаниясына барды.

Компания басшылығымен кездесуде ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде Қазақстанда тұқым шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және оқыту бағдарламаларын өткізу, сондай-ақ «Superior d.o.o.» өкілдерінің «AgroWorld Kazakhstan 2022» Халықаралық көрмесіне қатысуы жөніндегі жоспарларды талқылады (Алматы қ., 2022 жылғы 2-4 қараша г).