Қазақстан мен Сербия экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Сербия экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

БЕЛГРАД, 2021 жылғы 14 қыркүйек - Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық қазақстандық-сербия комиссиясының (ҮАК) тең төрағасы қызметін атқаратын Сербия Республикасының Инновациялар және технологиялық даму мәселелері жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың достық және сенімді сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалық бағыттарын талқылады.

Тараптар дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жыл толуын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Белградтың өзара іс-қимыл күн тәртібі бойынша ұсыныстарымен алмасты.

Кездесу барысында ағымдағы жылы ҮАК кезекті отырысын өткізу, тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.