Қазақстан мен Сербия басым бағыттар бойынша екіжақты қатынастарды дамытуды жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Сербия басым бағыттар бойынша  екіжақты қатынастарды дамытуды жандандыруға ниетті

Белград, 2021 жылы 24 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Никола Селаковичпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың достық және сенімді сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылады.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасылды. Министр Н.Селакович Косово және Метохия мәселесі бойынша Сербияға тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға өз алғысын білдірді.

Сербия сыртқы саяси ведомствосының басшысы таяу арада Қазақстанда сапармен бару ниеті туралы айтып өтті, сонымен бірге Белградтың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің ресми сапармен келуін қабылдауға дайындығын растады.

Министр Нұр-Сұлтан мен Белград арасындағы саяси саладағы сындарлы қарым-қатынастары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты сапалы түрде кеңейтуге мүмкіндік беретінін баса атап өтті. Оның пікірінше, бұл үшін өзара сауда серпініне елеулі әсер ететін логистика мәселелерін шешу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, туризм, өзара инвестициялар және т.б. сияқты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына басым назар аудару маңызды болып табылады.

Кездесу барысында ағымдағы жылы ҮАК кезекті отырысын өткізу, нормативтік-құқықтық базаны кеңейту, екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Қазақстан мен Сербияның іскер топтарын бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар осы жылы екі ел бірге атап өтетін Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25-жылдығы ынтымақтастық қорытындыларын бағалауға және жинақталған тәжірибені ескере отырып, бұдан да зор міндеттерді белгілеуге жақсы мүмкіндік болып табылатынына тоқталды.