Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің Қазақстан-Сербия Cауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Н.Поповичпен кездесуі

Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің  Қазақстан-Сербия Cауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Н.Поповичпен кездесуі

Белград, 2021 жылы 24 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Инновациялар және технологиялық даму мәселелері жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

ҮАК кезекті отырысын өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Сербия іскер топтарының бірлескен жобаларды іске асыруға қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Н.Попович Қазақстанға Сербияның аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселесінде үнемі қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдірді.

Сұхбаттасушылар COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл тақырыбын да талқылады. Қазақстан Елшісі Сербия Үкіметінің халықты вакцинациялау және ел экономикасын постковидтік кезеңде қолдау шаралары жөніндегі қызметінің тиімділігін жоғары бағалады.

Ғ.Сыздықбеков Сербияға «QazVac» қазақстандық вакцинасын жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсына отырып, вакцинацияның ұлттық сертификаттарын/паспорттарын өзара тану мәселесі сербиялық тарапқа қарау үшін енгізілгенін атап көрсетті.

Министр Попович Сербияның уәкілетті органдарының Қазақстан тарапының ұсыныстары мен бастамаларының барынша жедел қаралуына жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.